wrapper

Соңғы жазбалар

Өскемен өңірінен «ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазіреттің жүлдесі үшін қазақ күресінен мешіт жамағаттары арасында өтетін Республикалық турнирге» іріктеу сайысы Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы орталығы Қайсенов кентінде болып өтті.

 Сайысты ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігі ұйымдастырды. Жыл сайын өтетін дәстүрлі бәсекеге Өскемен өңірі палуандары қашанда белсенді қатысады. Өткен 2016 жылғы Республикалық турнирде Өскемендік палуандар жеңіске жетіп, Бас мүфти хазіреттің жүлдесін жеңіп алып, бапкерімен бірге қажылықта болып қайтқан еді.

 Биылға сайысқа да әр аудан, қаладан сайдың тасындай палуандар күш сынасты.

 Күш иелерінің бәсекесін Қасым Қайсенов кент тұрғындары мен басқа аудандардан, Өскемен қаласынан келген жамағаттар тамашалады.

Олар өз палуандарына жанкүйер болып, қолдап отырды. Әр сайыс тартысты болды.

 Бәсекеге 30-дан астам палуан қатысып, тамашалауға жиналған көрермендерді қызыққа бөледі.

 Білек күшімен қарсыластарының жауырынын жерге тигізген «Өскемен орталық мешіті» палуаны  топ жарып, бас жүлдеге ие болып, Республикалық турнирге жолдама алды.

 «Сайысты жоғарғы деңгейде ұйымдастырылды. Бұл деген спорттқа, ұлттық күресімізге деген зор қолдау емес пе, барымды салып, Республикалық турнирден олжалы болуға әзірлік жасаймын» деді, іріктеу сайысын жеңімпазы.

Көрермендер де сайыстың барынша әділ өткендігін айтып, палуанға сәттілік тіледі. 

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk