wrapper

Соңғы жазбалар

ЖАНТ жұмысын жаңа қарқынмен жүргізу, асыл дініміздің құндылықтарын насихаттау, халықтың діни сауаттылығын арттырудағы шараларды жетілдіруге бағытталған іс-шаралар өткізу туралы ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігі аудан имамдарына міндет жүктеген болатын.

Осы тапсырма аясында Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданының бас имамы Ибраһим қажы Еркінбайұлы осы ауданның Первомайск кентіндегі «Востоксельхозпродукт» ЖШС жұмысшыларымен кездесті.

Кездесуде ол жат ағымдар жайлы, оның зардаптары туралы кеңінен түсінікті етіп әңгімеледі. «Жат ағымдарға қарсы күрес Елбасымыздың жолдауында да нақты айтылды. Тапcырмалар жүктелді. Бүгінгі таңда жат ағымдармен күрестің маңызы ерекше. ЖАНТ кездесулерінің жат ағымдармен күресте маңызы айрықша болып отыр. Біз асыл дініміздегі адамгершілік құндылықтарды насихаттап келеміз» деп атап өтті, аудан имамы зауыт жұмысшылар алдында.

Ол сонымен қатар ынтымаққа негізделген мемлекетіміздің дінге қатысты саясаты мен еліміздегі тыныштық пен тұрақтылықты баянды ету жолдары жайлы да айтып өтті.

Зауыт басшылығы аудан имамына салауатты әңгімесі үшін алғыс айтты.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk