wrapper

Соңғы жазбалар

ҚМДБ-ның Өскемен аймағының бастамасымен «Дін және тарих тағылымы жылының» қорытындысы ретінде Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінде бабалар рухына арналып хатым  түсірілді.

 Шараға облыстық мешіттің және аудан, қала имамдары, кәсіпкерлер, тарихшылар, ақсақалдар, жастар, зиялы қауым өкілдері арнайы шақырылды.

 «Бұл шараның мақсаты еліміздің азаттығы жолында жанын пида еткен ержүрек даңқты бабаларымыздың рухына арнап Құран хатым түсіріп, еліміздің Тәуелсіздігінің баянды болуын тілеп, дұға жасау, сонымен қатар қазақ тарихынан деректер айтып, батыр бабалармызың өнегелерін ұрпаққа танытуға бағытталады» деп атап өтті, жиын басында, өкіл имам. Ол сонымен қатар өкілдіктен атқарылған шараларға да шолу жасап, алдағы мақсаттар жайлы да айтып өтті.

 Дастарханда Құран оқылып, бабалар рухына бағышталды.

Сонымен қатар келген қонақтар тарихшылар мен ғалымдар, ақсақалдар, ел тархынан әңгіме айтып, сырлы сұхбат құрды. Дастархан басында емен-жарқын әңгімелесу болды.

 Асқа келген қауым әртүрлі ұсыныс, бастамалар көтерді. Олар әр кез облыстық мешітпен бір мүдде, бір мақсатта жұмыстайтындықтарын білдірді.

 Құрметті қонақтар өкілдікке ізгі бастамасы үшін алғыс айтып, тарқасты.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk