wrapper

Соңғы жазбалар

ҚМДБ-ның Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек қажы Қасболатұлы Өскемен қаласында Өскемен Титан-Магни комбинатының (ӨТМК) Ұлыстың ұлы күніне арналған мерекелі салтанатты шарасына арнайы қатысты. Меркелік жиынды ӨТМК Президенті  Асем Тлекқызы ашып, Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, мейрамның маңызына тоқталды.

 Бұдан соң сөз алған өкіл имам Ермек қажы Қасболатұлы жалпы халықты және ӨТМК қызметкерлерін Наурыз мейрамына байлансты ізгі лебізін білдірді. Мейрамға жиналған қалың қауымның алдында сөйлеген сөзінде өкіл имам: Наурыз жаңару мейрамы екендігін, оның тамырының тереңде жатқандығына тоқатала келе, Елбасының шешімімен жаңа сипаттағы халықтық мерекеге айналғандығын атап көрсетті. Наурыз тойы отбасыларыңызға берекет әкелсін, көп ұлтты мемлекетімізде тыныштық пен бейбітшілік салтанат құра берсін деп ізгі тілек жолдады.

 Асыл дініміздің дамуына аса зор үлес қосып, қайырымдылық шараларына және руханият саласындағы істерге  ұйтқы болып, келе жатқан ӨТМК Президенті Асем Тлекқызына ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти хазіреттің «Алғыс хатын» табыс етті.

«Еліміздің экономикасына аса зор үлес қосып отырған Қазақстанда теңдесі жоқ, әлемдегі ең ірі титан өндіруші үздіктерінің көшін бастап тұрған осындай алып кәсіпорынды басқарып, ел қазынасын толтырып, экономикалық қуатымызды әлемге  паш етіп отырған Асем Тлекқызы рухани әрі қайырымдылық шараларына аса көңіл бөлетін жан, оның діни руханият дамысына қосқан үлесі ұшан-теңіз. Біз Асем Тлекқызының игі істеріне берекет, сәттілік тілейміз» деді өкіл имам.

 Бұдан соң комбинат қызметкерлері әуелете ән шырқап, күмбірлете күй төгіп, Өскемен асапанын асқақ жырға бөлеп, мерейлі мерекенің тіпті де сәнін арттырып жіберді.

ӨТМК-ның Наурызға арналған мерекелік шарасында татулық пен тұрақтылықтың көрінісі іспетті әр түрлі ұлттар мен ұлыстардың да мәдениеті жарқырай көрінді.

 Шара соңынан өкіл имам бастаған топ ақ дастархан басында комбинат басшылығымен қатар отырып, Наурыз көжеден ауыз тиіп, емен-жарқын ғибратты әңгіме өрбітті.

 Алып кәсіпорынның Наурыз мейрамы ұлттық құндылықтарға толы болып, көңілге шуақ сыйлаған мерейлі мереке болып өтті.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі. 


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk