wrapper

Соңғы жазбалар

ҚМДБ-ның Өскемен аймағы өкілдігі Діни басқарманың жастармен жұмысты жаңа бағытта дамыту туралы ресми тапсырмасына сәйкес ағымдағы жылы ақпан айында Өскемен өңірі жастарының басқосуын жиыны облыстық «Халтифа Алтай» мешітінде өткізген болатын.

 Осынау шараның жалғасы ретінде өкілдіктің арнаулы тапсырмасымен Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы орталығында «Күршім аудандық мешітінің» ұйымдастыруымен «Жастар-тәуелсіз Қазақстанның болашағы» атты ауданның күллі жастарының басқосу жиыны болып өтті.

 Айтулы шараға ауданның өнерлі, білімді, діндар, спортшы жастары түгелдей қатысты. Іс-шарада олар мемлекеттік жастар саясатының жетістіктері мен қоса түйткілді мәселелерді талқылады.

Жиында аудандық мешіттен жастар арасына өткізіп келе жатқан тәрбиелік танымдық шаралар туралы да жылы лебіздер айтылды.

 «Бұл басқосуды жастарымыздың бірігіп, туған жерімізді дамытуға үлес қосуға шақыратын шарапатты бастама ретінде ұйымдастырып отырмыз. Біз ауданымыздың жастар ұйымдарымен бірлесе істер атқарып, бірқатар жұмыстар тындырдық. Алда да жоспарлы жұмыстар бар. Жастардың басын біріктіріп кері ағымдарға, жат әдеттерге, қылмыс қайшылықтарға бірлесе қарсы тұруға тиіспіз. Бұл біздің елімізге қосқан үлкен үлесіміз болады» деп атап өтті жиында, осы шараны ұйымдастырған Күршім ауданының бас имамы Тілейбек қажы Соянұлы.

 Жиында жастар өздерін толғандырған мәселелер бойынша ойларын ортаға салып, құнды ұсыныстарын жеткізді. Әр алуан мәселелер бойынша пікір алмасты. Сонымен қатар осындай сындарлы жиын өткізген аудандық мешіт ұжымына алғыстарын білдірді.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk