wrapper

Соңғы жазбалар

Еліміз Біріккен Ұлттар Ұйымының қауіпсіздік кеңесінің биылғы жылғы бірінші отырысына қатысты. Жиында Африкадағы жанжал мен Таяу Шығыстағы ахуал сөз болды, деп хабарлайды 24.kz.

Халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау БҰҰ-ның өзекті мәселесіне айналған. Осыған орай, ұйым 10 қаңтарда «Қақтығыстарды болдырмау және бейбітшілікті сақтау» атты жоғары деңгейдегі ашық пікірсайыс өткізуді жоспарлап отыр. Оған ұйымның Бас хатшысы Антониу Гутерришпен қатар Қауіпсіздік кеңесіне мүше елдердің сыртқы істер министрлері қатысады деп күтілуде.

Ал, қаңтардың 17-сі күні Таяу Шығыстағы ахуал, оның ішінде Палестинадағы жағдайды талқылайтын дәстүрлі жиын өтеді.

Айта кету керек, бұл айда Сириядағы химиялық қарудың ережелері мен Ирактағы Мосулға қатысты гуманитарлық аспект, сондай-ақ Конго, Орталық Африка Республикасы, Кипр, Мали және Колумбия елдеріндегі мәселелер талқыға түсіп, бірқатар құжат қабылданады.

Ал Қазақстанның төрағалық етуімен өтетін отырыста «Ирак және Левант», «Әл-Каида» лаңкестік ұйымдарымен күрес, Сомали және Эритреядағы қауіпсіздік жайы қозғалады.


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk