wrapper

Соңғы жазбалар

Бұрынғы өткен аталарымыз саяси жүйенің қысымына қарамастан қасиетті дінімізді қарашығындай қорғады. Ұрпаққа аманат етті. Өз парыздарын адал атқарды.

Ардақты пайғамбарымыз (с.ғ.c) өзінің асыл хадистерінде ислам діні үшін күрескен, дінді таратушыларға Ұлы Жаратушы Алланың сансыз рахмет, шапағаты жауатындығын айтқан ды. 

Ұлы исламды құрмет тұту әркімге парыз. Исламды кешегі өткен небір ұлы ғұламалар мойындап өткен. Ұлты басқа не бір ойшылдар барлық ғылым мен мәдениеттің бастауы исламда екенін, тек Құраннан бастау алатындығын айтып кеткен.  

Халықты имандылыққа бастау, рухани құндылықтарды нығайту кім-кімге де аса ауыр жүктеме екені аян. Ендеше осындай қиындығы мен жауапкершілігі мол осындай жолмен жүру, үнемі халықтың алдында болу дін өкілдері үшін үлкен міндет, әрі қастерлі парыз болды.

Қай жылдар, замандар болмасын халықты иман мен салауатқа шақыру оңай болмаған. Тіпті қазіргі кезде де солай. Молдалалар мен имамдардың елді діннің асыл бұлағына бастау жолында осындай қиындығы мол күдір жол кешуде.

Ұлы Жаратушы асыл дініміздің жаршысы болуға мың адамның ішінен  таңдаған жандардың ақыл парасаты Ұлы Алланың сансыз нығметтерін, дініміздің асыл қағидаларын, Ардақты пайғамбарымыздың ғибратты жолын барынша насихаттауға арналды.

 Ұлы Жаратушы иеміз хақ дініміздің тізгінін ұстап, жұртшылықты иманға ұйытуға миллион жанның ішінен әмір етті. Бұл үлкен мәртебе. Бұл айырықша сый.

Ұлы Жаратушы жүздеген адамның ішінен осынау қасиетті жолға жұртты бастауды сізге әмір етсе, ол да зор бақыт, үлкен нығмет. Мұның өзі сіздің жүрегіңіздегі иненің жасуындай парасатпен ізгіліктің Хақтың алдындағы таразыда басым түскені.

Иман-Исламның діңгегі, таразысы. Сол таразыны қашанда ақыл мен парасат басып тұруы керек.

Қасиетті Ислам дінін тарату, жамағатты иманға шақыру аса сауапты іс, азан даусымен намазға ұйыған жамағаттың мүбәрак дидарын көру дін таратушы имамдар үшін Жаратқан сыйлаған ең нығметті сәттердің бірі болса керек.

Алланың әмірімен әр жұма сайынғы намаздағы сап бір қатармен толықса, ол ислам дінінің қанат жаюына қосқан үлесіңіз.

Әр күн сайын бір мұсылман баласы тәубаға келіп, маңдайын сәждеген тигізсе, ол Ұлы Жаратушының пендесін ақ жолға бағыттауы, діни уағыз насихаттың нақты жемісі деуге болады.

Әр күн сайын бір мұсылман баласы мұқтаждарға жәрдем беріп жатса, ол Хақтың пендесін қайырымдылық жолға салуы мен сіздің айтқан насихаттың себепкер болып, сол пенденің көкірек көзінің ашылуымен деп білеміз 

Дәулет Қабидолдин, Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің найб имамы


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk