wrapper

Соңғы жазбалар

Қазақ халқы ежелден жауынгер халық. «Ұлтарақтай болса да, ата қоныс жер қымбат» деп туған жердің қадірін о бастан ақ жете түсінген.

«Отан үшін отқа түс, күймейсің» деген ата-бабаларымыз. Отан мен туған жер үшінгі күрес бәрінен биік мәртебелі іс екендігін осыдан байқаймыз.

Бабаларымыз отан үшін, елі мен жері үшін жанын аямаған. Ғасырлар бедеріндегі талай жорықтар осының куәсі. Бабаларымыз атамекенін жаттың табанына салмаған. Атмекенді киелі бесік деп түсінген. Ұрпақтарына атамекенді, туған жерді, байтақ отанды қорғаудың маңызын ұлағатты өсиет етіп қалдырып кеткен.

Халқымыздың бейбіт өмірі, шалқыған байлығы, болашағы мен тыныштығы туған жер үшін күресімен тығыз байланысты болғандығын тарихи оқиғаларадан байқай аламыз.

Ғасырлар белін көктей өтіп бізге жеткен аңыздар мен батырлар жырынан да осы бір отаншылдық сарынды көре аламыз.

Ата бабаларымыз болашақ  ұрпаққа отанды қорғау, атамекенді аялауды, ел үшінгі күресте жан аямауды аманат етті.

Ата дініміз исламда отан қорғау басты қастерлі парыз ретінде айтылған.

Ардақты пайғамбарымыз (с.ғ.с) отанды қорғаудың қасиетті борыш екендігін уағыздап өткен.

Бір сахаба пайғамбарымыздан (с.ғ.с.): «Иә, Расулаллаһ, ең абзал амал не?», – деп сұрағанда Алла елшісі: «Шекараны, Отанды қорғау үшін бір күн, бір түн күзетте тұру, бір ай нәпіл ораза ұстап, түнде намаз оқудан қайырлы», – депті, Алла елшісі.

Мұнда отан қорғаған адамға да Ұлы Жаратушының шексіз мейрімі болатындығын білдіріген. Берекелі, бейбіт өмір кешірудің кепілі отанның тыныштығы екендігін асыл дініміз исламда кеңінен айтылады.

 Отанды сүю деген жаумен күресу ғана емес, адал еңбек ету, сол арқылы елдің дамысына үлес қосу болып табылады.

Ислам отансүйгіштікті ұлықтайтын дін. Ислам дінідегі ұлылық тағылымының бір бастауы осында болса керек.

Ислам-отанды қорғауға, ел мен жер үшін күресудің сауапты һәм қастерлі парыз екендігін айқындаған дін.

Елбасымыз Н.Назарбаевта әрбір сөзінде Отан туралы терең толғамдар айтқан. «Отанды қастерлеу – елдігіміздің тірегі. Біз отаншыл болуға, жас ұрпақтың санасына отаншылдық ұғымын берік орнықтыруға тиіспіз. Біле-білсек, Отанды сүю – біздің перзенттік парызымыз, қарыс қадам үшін жанын қиған бабалардың асыл аманатына адалдығымыз!» деген еді Елбасымыз.

 Міне, біз де сол ата-бабалар аманатына адал болуымыз керек.

Бүгінгі таңда  «Мәңгілік ел» болудың басты кепілдігі ол жастарымыздың отаншыл болуында, отанды сүюінде, еліміздің дамысын үшін адал еңбек етіп, бейбітшілікті уағыздап, ата дініміз исламның қағидаттарында берік болуымыз аса маңызға ие.

Ибраһим Еркінбай, Шығыс Қазақстан облысы,

Шемонаиха ауданының бас имамы.


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk