wrapper

Соңғы жазбалар

          Некенің қоғам өміріндегі маңызы аса зор. Ата-бабаларымыз неке аса мән берген. Әсіресе неке тазалығына байданысты «адал жар», «ақ неке», «ақ босаға» деген сөздері осыған дәлел.

Алла Тағала Адам атаны (аләйһиссәләм) жаратқаннан соң қосағы Хауа анамызды да жаратып, жер бетіндегі барлық адамзат баласы ол екеуінен тарады. Құран Кәрімде бұл туралы Ниса сүресінің 1-аятында: «(Алла) сендерді бір жаннан (Адам атадан) жаратып, ол жаннан оның жұбайын жаратты, әрі ол екеуінен еркектер мен әйелдерді көптеп таратты» деп көрсеткен.

Сонымен қатар Зарият сүресі 49-аятында: «Біз әр нәрсені жұп қылып жараттық, бәлкім ойланарсыңдар» - деп барлық ақиқатты әйгілеген. Үйлену туралы қасиетті Құран Кәрімде «Ниса» сүресінің 3-аятында: «Өздеріңе ұнаған әйелдерден екеу, үшеу және төртеуден некелеңдер. Ал, егер араларында әділдік жасай алмаймыз деп қорқатын болсаңдар, онда біреуін немесе қол астыңдағыға (некелеңіз)» деп көрсеткен.

Қазіргі таңда «азаматтық неке» қоғамда жиі орын алып отыр. Дінімізде ақ некесіз барлық қатынас «зина» деп есептелген. Исламда зина жасау ауыр күнә болып есептеледі. Айтпағымыз, дәстүрлі Ислам бойынша ең бастысы діни некеге тұру адал неке болып саналады.

Некені басты шарттарың бірі теңімен үйлену болып табылады. Теңі – Ханафи мәзһабы бойынша текте, байлықта, дінде және құрметтілікте бір-біріне тең болуы деген сөз. Қыз бен жігіт діни білімі, тақуалығы, тектілігі, абыройы және байлығы тең қатарда болуы керек деп көрсетілген.

Бір сөзбен айтқанда ер азамат мұсылман болуы, спиртті ішімдік ішпеуі, яғни Ислам дініне мойынсұнуы және напақа таба алатындай мөлшерде кәсібі болуы керек.

Некенің екінші шарты – куәгерлердің болуы. Ханафиде куәгер ретінде ақылды және балиғат жасына толған мұсылман екі еркек немесе бір еркек пен екі әйелдің болуы шарт болып саналады.

Некенің үшінші шарты – "тидің бе?", "алдың ба?" деген ұсыныс пен "тидім!" және "алдым!" деген қабыл ету сөздерімен келісім жасауы арқылы неке қию жүзеге асырылады. Осы үш шарт орындалса неке болып саналады.

Некелесу барысында мәһір белгіленуі керек. Жағдайға қарай мәһір аз немесе көп сұралуы мүмкін. Мәһір беру уәжіб. Сүйікті пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Мәһір бермеу ниетімен некелескен адам қияметте ұрылардың қатарында тіріледі» деп, мәһір беруге айырықша назар аударған. (Р.Насихин)

Сонымен қатар тағылымдарда «Неке қию – менің сүннетім. Сүннетімді тәрк еткен адам менен емес» делінеді. Қазақтың ұлттық танымыда және дінімзде бір еркектің аналарымен, қыздарымен, қыз бауырларымен, әпкелерімен, нағашы әпкелерімен, бауырының қыздарымен, қаншалықты алыста болса да, некелесуіне қатаң тыйым салынады. Қазақ жеті атаға толмай қыз алыспай, туыстық қарым-қатынасты сақтауының өзі тектіліктің бір көрінісі. Сондай-ақ қайын енемен және оның аналарымен, келінмен, балаларының келіндерімен, өгей қызбен, өгей анамен некелесу де мәңгі харам. Төрттен артық үйлену және басқа біреудің әйелімен үйлену жаиз емес.

Осылайша Исдамда неке мәдениетімен неке шарттарын барынша ашық та нақты айқындап берген. Неке тазалағы ол ұлт тазалғы, ар мен иманның тұтасьығы деп қабылдауымыз керек.

Бауыржан Нығызбекұлы

Шығыс Қазақстан облысы

«Өскемен орталық мешітінің»

бас имамы

 


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk