wrapper

Соңғы жазбалар

Күніне бес уақыт намаз оқу, кем дегенде, Алланы бес рет ескеалып отыруды білдіреді. Құран кәрімде Алла тағала: «Мені ескеалу үшін намаз оқы!»622 деген. Ислам дінінің ораза, зекет, қажылық секілді парыздары періште арқылы жеткен, ал намаздың Алла тағаладан Пайғамбарымызға (саллаллаһу аләйһи уәсәлләм) тікелей Миғраж кезінде міндеттелуінің мәні мүлде бөлек секілді. Хақ тағаланың намазды Миғраж түні Пайғамбарымызды (саллаллаһу аләйһи уәсәлләм) өз құзырына шақырып табыстауы оның басқа ғибадаттардан ерекшелігін айқын аңғартуда.623.Міне сондықтан Пайғамбарымыз: «Намаз – мұсылманның миғражы» деген болатын.

Құл Жаратушы иесін есіне алып отырған сайын, Алла тағала да оны есіне алып отырмақ. Құран Кәрімде: «Мені еске алыңдар, Мен де сендерді еске алайын»624 делінген. Алла тағаланың адамды еске алайын деуі – пендесінің абыройын биіктетіп, бағасын арттырғаны. Оның үстіне Өзінің қауқарсыз құлына тіл қатуының өзі оған айрықша әрі арнайы көңіл бөлгендігін білдіруде.

Тағы бір құдси хадисте Алла тағала былай деген: «Ей, адам баласы, егер сен мені іштей еске алсаң, мен де сені іштей еске аламын. Егер сен мені бір көпшілік ішінде еске алсаң, мен де сені бір топ періштелер не одан да жақсы көпшіліктің ішінде жария түрде еске аламын»625.

Пайғамбарымыздан жеткен тағы бір құтси хадисте «Мені кеңшілікте еске алыңдар, мен де сендерді таршылықта еске алайын» делінген. Яғни дүниеде мені еске алыңдар, (ұмытпаңдар) мен де сендерді махшарда, қыл көпірде, тозақ отының ұшқындары жауған уақытта еске алайын. Сендер Мені жастық шақтарыңда, күшті әрі қуатты шақтарыңда еске алыңдар, намаз оқыңдар, мен де сендерді қартайғанда, әл-дәрмен кеткен шақтарыңда еске алып жәрдем берейін деуде.

Алланы еске алу тілмен зікір етумен ғана шектелмей амалдар арқылы да жүзеге асады. Амалымыз көбейген сайын иманымыздың да арта берері шындық.

622 «Таһа» сүресі, 14 - аят.

623 Бухари, Салат, 1; Муслим, Иман, 263

624 «Бақара» сүресі, 152 - аят.

625 Ибн Хаббан, Сахих, 3/92


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk