wrapper

Соңғы жазбалар

Исламда мейірбандық, жақсылық және қоршаған ортамен жақсы-қарым қатынаста болу жоғары бағаланады. Ал қарым-қатынаста достық ерекше орынға ие. Бірінші кезекте достық – тәрбиенің ерекше бір тәсілі болып табылады.

Яхъя ибн Әбу Касир Сүлеймен ибн Дәудтің (р.а.) былай айтқанын келтірген: «Адамның кіммен дос екенін көрмей тұрып, оның бір нәрсеге қатыстығы туралы шешім қабылдамаңыз».

Ибн Масғуд (р.а.) былай айтқан: «Адамды оның досына қарап пайымдаңыз, өйткені ол өзі сияқты жанмен достасады!»

Имамдар насихат-уағыздарында дін мәселесін ғана көтеріп қоймай, сонымен қатар, достық мәселесін де көтеріп отырған. Мысалы үшін, адамның мінез-құлқын бұзып, оның дініне сызат түсіретіндерден сақтануға және жақсылық пен пайда келтіретін адамдермен араласып, дос болуға итермелеген:

«Мүмін өзі біреуден бір нәрсе үйрене алатындардан және оны бір нәрсеге үйрете алатындармен ғана араласуы тиіс. Егер ол онымен уақытын босқа өткізсе, оны ештеңеге үйретпейтін болса, өзі оны ештеңеге үйрете алмаса әрі мүміннің жасап жүрген амалдарына қолдау көрсетпесе, онда ондай адаммен таныстықтың бірінші күнінен бастап қарым-қатынасты үзу керек. Және мұны ұзаққа созбай, достықтары нығаймай тұрып ат құйрығын кесу қажет, өйткені нығайып кеткен достықтан бас тарту қиынға соғады. Ғалымдар былай айтқан: «Тыйылудан гөрі алдын-алу жеңіл».

Адамдармен дос болып, келісімде болған жөн

Мүміндердің жақсы қасиеттерінің бірі адамдармен дос болып, жақсы-қарым қатынаста болуы. Алла Елшісі (с.ғ.с.)  достық туралы мақтанышпен айтатын. Сахл ибн Саад (р.а.) Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.)  былай айтқанын келтірген: «Мүмін достықты қабылдап, өзі басқалармен келісімде болады. Басқалармен достаса алмайтындар және басқалар онымен достаса алмайтын адамдарда қайыр болмайды» (Ахмад, Байхаки, әл-Баззар).

Досқа деген сүйіспеншілікті айтқан жөн

Алла Елшісі (с.ғ.с.) былай айтқан: «Егер кімде-кім бауырын Алла разылығы үшін жақсы көрсе, оған айтсын, өйткені бұл сезім достықты сақтап, сенімділігін нығайтады» (Ибн Әбу ад-Дунйя).

Сондай-ақ, Әбу Карим әл-Микъдам ибн Маъдикариб (р.а.) Алла Елшісінің (с.ғ.с.)  былай айтқанын келтіреді: «Егер адам өз бауырын жақсы көретін болса, онда оған жақсы көретіндігін айтсын» (Ахмад, әл-Бұхари, Әбу Дәуд, ат-Тирмизи, ан-Насаи).

Алла алдында өз жолдасымен жақсы қарым-қатынаста болатын адам жақсы адам

Абдулла ибн Омар (р.а.) Алла Елшісінің (с.ғ.с.)  мына сөзін жеткізеді: «Жолдасына жақсы қарым-қатынаста болған адам Алла Тағала алдында ең жақсы жолдас болып табылады; ал көршісімен жақсы қарым-қатынаста болған Алла Тағала алдында ең жақсы көрші болып табылады» (Ахмад, Бұхари, ат-Тирмизи, Ибн Хиббан).

Әнас (р.а.)  Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.)  былай айтқанын келтірген: «Екі адам бір-бірін Алла разылығы үшін жақсы көрсе әрі қайсысы өз жолдасын көбірек жақсы көретін болса, сол үнемі беделдірек болып табылады» (Бұхари, Ибн Хиббан, әл-Хаким).

Күндердің күнінде Пайғамбарымыз (с.ғ.с.)  орманға кіріп, бірі қисық, бірі түзу - екі мисуак алып шыққандығы келтірілген. Қасында сахабалардың бірі болады. Өзіне қисығын қалдырып, сахабаға түзу мисуакты ұсынады. Сонда қасындағы сахаба: «Уа, Алла Елшісі! Менен гөрі түзу мисуакқа сіз лайықтысыз», - дейді. Оған Пайғамбарымыз (с.ғ.с.)  былай жауап берген екен: «Адам баласы біреумен бір сағат бойы дос болатын болса да Қиямет күні ол Алла алдындағы достық парызын өтеді ме әлде жоқ па деп сұраққа алынатын болады».

Ал басқа бір хадисте: «Екі адам дос болса, біреуі екіншісіне қатысты мейірбан әрі жұмсақ қарым-қатынаста болса, сол Алла Тағаланың алдында сүйкімдірек болады», - деген (әл-Хаким мен ибн Хиббан).

Жақсы дос – тек бұл дүниедегі сүйеніш, қуаныш әрі жұбаныш емес, сонымен қатар о дүниедегі араша түсуші де. Тақуалар былай айтатын: «Асылында, Жұмақ мекендеушілері Жұмаққа кіріп бұл дүниеде жақсы амалдар жасауда бірге болған достарын таппай Жаратушыға былай деп тіл қатады: «Уа, Жаратушы, бізбен бірге құлшылық етіп, ораза ұстаған достарымыз болып еді, бірақ біз оларды көрмей тұрмыз».

Сонда оларға Алла Тағала: «Тозаққа барып, жүрегінде иманның ұшқыны бар достарыңды шығарып алыңдар», - дейді.

Ал белгілі сопы Хасан әл-Басри былай айтқан еді: «Көптеген мүміндермен дос болыңдар, ақиқатында, олар – Қиямет күні сендердің шапағатшыларың болады».

asyldin.kz


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk