wrapper

Соңғы жазбалар

Соңғы кезде жаңа туған нәрестелерді туа сала қоқысқа тастау, тіпті дәретханаға лақтырып кету, біреудің босағасына қалдырып кету секілді келеңсіз әдеттер көбейіп барады.

Қыз-келіншектердің мұндай қылығы ұлтымыз үшін жат нәрсе екендігі белгілі. Қыздарға ұлттық дәстүрлі тәрбиенің берілмеуінің салдарынан осындай келеңсіздіктерге барып отыр. Ұлттық құндылықтардан, адамгершілік қағидаларынан ада болуынан осындай жан түршігерлік оқиғалар қоғамда белең алуда. Ұлтымыздың дәстүрлі тәрбиесімен сусындап, имандылықты сіңіріп өскен аруларымыз ешқандай мұндай хайуаннан да төмен әрекетке бармас еді.

Ұлтымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық құндылықтарымызға бей-жай қарау, бөгде діни ағымдардың аздыруына еру, кері көзқарастардың жетегінде кетудің алдын алу керек. Қоғам болып ұлттық құндылықтарымыз бен мемлекетшілдік идеяларды барынша насихаттау қажет деп ойлаймын, өз басым.

 Тағы бір ой, қазір сайттар осындай ақппараттарды жазғанда: «Жас ана баласын қоқысқа тастап кетіпті», «Дәретханадан табылған нәресетенің анасы іздестірілуде», «Жол үстіне тастап кеткен нәрестенің анасы табылды» деген мазмұндағы тақырыптар қойылады.

Неге, осындай жағымсыз әрекеттерге АНА деген асыл атауды қосып жазып отырмыз? Нағыз АНА баласын қоқысқа тастамайды. Нағыз ана дүниеге келер сәбиін тағатсыздана құрметпен күтеді. Жол-жөнекей босанса да, жаугершілік заманда да нәрестені далаға тастау ешқашан болмаған.

 Дүние есігін ашқан кінәсіз сәбиді далаға тастап кететіндер АНА емес, ағайын. Олай жазбайық. Өмірге ұрпақ әкелуді бір сәттік ләззатпен шатыстырғандар, олар. Оларды ана демей, «Қоқысқа тастап кеткен нәрсестені босанған тасбауыр келіншек» деген тақылеттес тақырыптар қойып жазу керек секілді. АНА деген әдемі атауды ластамайық!

 Аруларымыз болашақта асыл ана болатындай ұлағатты тәрбие беріп, мемлекетіміздің іргесін берік ұстайтын салауатты ұрпақ өсіру үшін, ұлттығымызды ұлықтап, жат әдеттерге, жат ағымдарға, аздырушыларға арамыздан орын бермейік. 

Әскерхан Ақтай, ақын  


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk