wrapper

Соңғы жазбалар

«Намазды қалай оқисың?» деп сұрағандарға Хатами әс-Сам (р.а.): 

«Намаз уақыты таяғанда жақсылап дәретімді аламын. Намаз оқитын жерге барып, сәл кідіріп ойланамын. Сонан соң, намазға тұрамын. Қағба – дәл алдымда, сират (қыл көпір) – аяғымның астында, жәннат  – оң жағымда, ал тозақ – сол жағымда, Әзірейіл – төбемде қарап тұрғандай сезіммен оқимын. Үміт пен үрей арасында әлемдердің раббысы болған Алла тағаланың құзырында тұрғанымды ойлаймын. Тәкбір алып, мағыналарына зер сала отырып, Құран аяттарын оқимын. Кішіпейілділікпен рукуғ жасаймын. Өз тереңдігіне сай сәждеге барамын. Оң аяғымның ұшын тіреп, сол аяғымды төсеніп отырамын. Осылайша намазымды ықыласпен, шынайылықпен оқуға тырысамын» деп жауап берген екен.

Құдайберді БАҒАШАР


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk