wrapper

Соңғы жазбалар

Кез келген мәселеде мұсылмандарға үлгі-өнеге болатын Пайғамбарымыз хазіреті Мұхаммед (с.а.у.), жамандық істеп қойған кезімізде не істеу керектігін де үйреткен. Пайғамбарымыз (с.а.у.) бұл жайында былай деген: «Қайда болсаң да Алладан қорық. Бір жамандық істеп қоятын болсаң, оның артынан дереу жақсылық жаса. Жамандықты жақсылық жоятын болады. Адамдармен коркем түрде қарым-қатынас жаса».

Ең алдымен мұсылман барлық жерде Алла Тағаланың көріп тұрғандығын естен шығармауы тиіс. Жамандық істеген жағдайда Аллаһтың жазасынан корыққаны жөн. Қорықканнан бұрын Алланың әмірі мен тыйымдарына құрмет көрсету керек. Осылай бола тұра, жамандық істеп қоятын болса, артынша жақсылық жасау керектігін ұмытпаған абзал. Жамандық деген кұл ақысын жеумен тікелей байланысты болғандықтан, одан алшақ тұру өте маңызды. Ал байқамай жамандық істеп қойған жағдайда дереу жақсылық жасау керектігін әдетке айналдырудың пайдасы зор.

Жамандықты кешіртудің тағы бір жолы, оны енді қайтып істемеуге ниет ету әрі оны істегеніне катты өкіну.

Адамдарға жақсылық жасап, көркем түрде қарым-қатынас жасау да Алла Тағаланың разы боларлық әрекеттердің бірі болып табылады. Адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасау, жамандыққа тосқауыл болады.


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk