wrapper

Соңғы жазбалар

Үш дос келе жатып, жол шетінде шұңқыр қазып жатқан бір адамды көздері шалады. 
Біріншісі: "Мына адам дәуде болса біреуді өлтіріп, соны тез арада көміп тастауға асығып жатқан секілді. Өзін таспен ұрып өлтірсем бе екен?!", - дейді. 
Екіншісі: "Жоқ. Ол өзінің қымбат бір дүниесін жасырайын деп жатқан болар?!", - дейді. 
Үшіншісі: "Жоқ. Екеуің де қателесесіңдер. Ол жолаушыларға жол шетінен құдық қазып жатқан жақсы адам", - деген екен.

Кейбір адамдар өз ішіндегі жамандығын өзгелердің бойынан көргісі келеді. Игі адам адамдарды игі көреді. Жаман адам жаман ойлайды. Әрбір қазан өз ішіндегісін қайнатады. 
Сол үшін .... өзің жайлы өзгелердің жақсы ойлағанын қаласаң, өзгелер жайлы сен де жақсы ойлауға тырыс!


More in this category: « ТІЛ МЕН ЖҮРЕК

Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk