wrapper

Соңғы жазбалар

Мың айдан да қайырлы түннің игілігі мен жақсылығынан құр қалатын пенделер бар, оларды құр қалдыратын іс-әрекеттер бар.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с) «Қадір түнінің жақсылығына құлшылық қылған барлық адамдар бөленеді, бірақ, осы төрт түрлі адам Қадір түнінің жақсылығынан құр қалады» деп ескертеді. Олар кімдер? 

Бірінші, ата-анасына қарсы келген, ата-анасының көз жасына қалған, ата-анасының ашуына ұшыраған адам. 

Екінші, туған-туыстарымен байланысын үзген адам. 

Үшінші, Алла тағаланың тиым салғанына қарамастан, арақ ішіп, маскүнем болған адам. 

Төртінші, ызақор, кек сақтап, араз болып жүрген адам. 

Сондықтан, ата-анамызды ренжіткен болсақ, ризалығын алайық. Туған-туысқандармен араздасып, араласпай кеткендер болса,  кешірім сұрап, татуласайық. 

Алла тағаланың тиым салған арағына құмар адам болса, тәубеге келіп, Алладан кешірім сұрайық. Ызақор болсақ, ренжіткен адамдарымыздан бірінші болып кешірім сұрайық!

Биыл  Қадір түні  21 маусымнан 22 маусымға қараған түні 


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk